Батыс Қазақстан облысында 7 жасар бала құдыққа түсіп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бүлдіршін ойнап жүріп, жаңадан құрылысы жүріп жатқан үйдің септик шахтасына түсіп кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы шығарып дереу ауруханаға жеткізеді.