Түркістан
EN

Кәсіпкерлер 50 тұрғынға ауызашар берді

125
11.03.2025

 Қасиетті рамазан айында қайырымдылық шаралары көбейіп, халық игі істерге ұмтылады. Түркістан қаласында кәсіпкерлер тағдыр тауқыметін көрген 50 тұрғынға ауызашар берді. Бірі қос жанарынан айырылса, енді бірі арбаға таңылған. Олар күнделікті қарбалас өмірді бір сәтке ұмытып, дастарқан басында бас қосты. Ұйымдастырушылар ауызашар соңында келген әр мейманға азық-түлік үлестірді.