Түркістан
EN

Түркістанда туристік маусымның ашылу құрметіне 2,5 тонна наурыз көже таратылады

101
11.03.2025

 Түркістанда туризм маусымының  ашылу сәтінде 2,5 тонна наурыз көже пісірілмек. Осылайша жауаптылар рекорд орнатып, Гиннес кітабына енуді жоспарлап отыр.  Айта кетсек, рекордты осыған дейін Астана қаласы орнатып,  2100 литр наурыз көже дайындаған болатын. Енді ол көрсеткішті Тұран жұрты қайта жаңартпақ. Бұл туралы Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы баспасөз жиынында мәлімдеді.