Биыл Түркістан облысына 1 миллионнан астам көшет отырғызылады. Көгалдандыру барысында аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріледі. Әсіресе, жеміс ағаштарынан бөлек, жерсіндірілген жапырақты қара ағаш, шаған, емен, ағаштары мен қылқанды арша, қарағай сынды көшеттерді отырғызуға басымдық берілмек. Бұл туралы бүгін жауапты басқарма басшысы Қайрат Әбдуәлиев баспасөз брифингінде мәлімдеді.