516 адам туберкулезке шалдыққан. Оның 41-і бала. Бұл - Түркістан облысының өткен жылғы көрсеткіші. Ал биыл алғашқы 2 айда 102 жағдай анықталыпты. Төртеуі бала, қалғандары - ересектер. Соның ішінде, аурушаңдық үлесі бойынша Арыс пен Түлкібас ауданында - 4, Бәйдібек пен Мақтаарал аудандарында 3 жағдай анықталған. Ал Сауран мен Жетісай аудандарында 1 жағдайға өскен. Мамандар мұны өткен жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға төмен дейді.