Түркістан
EN

Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды

61
11.03.2025

 Биыл елімізде ғалымдарды қолдауға 252 млрд теңге қаржы бөлінген. Осылайша ғылымға бөлінген ақша 6 жылда 6 есеге артқан. Қазір елімізде бұл салада 25 мыңнан астам маман еңбек етеді. Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім гранттары да жыл санап артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ға жеткен. Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттер филиалдары ғылымды дамыту ісінде маңызды рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті