Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған 10 жасар баланы көлік басып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Абырой болғанда бала аман қалыпты, дегенмен түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақта аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.