Түркістан
EN

Қазақстанда ірі көлемдегі контрабанда схемалары әшкере болды

40
11.03.2025

 Қазақстанда ірі көлемдегі контрабанда схемалары әшкере болды. Күдіктілер металл сынықтарын дайын өнім мен шикізат түрінде көрсетіп, теңіз және темір жолдары арқылы заңсыз экспорттаған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында осындай қитұрқы әрекетке барған серіктестік басшысы ұсталды. Ол «жоғары легирленген болат» деген атпен көршілес мемлекетке бір жарым мың тоннадан астам, жалпы құны 170 миллион теңгеден асатын металл сынықтарын жөнелткен.