Түркістанда тыңайтқыштан пайда көрмек болғандардың ісі әшкере болды. Қалалық соттың шешімімен «Жасыл аймақ» мекемесінің бұрынғы басшысы арзан пестицидтер сатып алғаны үшін 2 жарым жылға сотталды. Жасыл желекке жауапты жан осы арқылы 15 млн теңгені қалтасына басып қалған. Антикордың мәліметіне сүйенсек, басшыдан бөлек екі орынбасары мен тағы бір кәсіпкерге де үкім шықты. Олар 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік секторда жұмыс істеулеріне тыйым салынды.