Шығыс Қазақстан облысының 7 ауданында жұмыс кестесі өзгертілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында айтты. Министрдің сөзінше, бұдан былай шығыстықтар таңғы 8-ден кешкі бес жарымға дейін жұмыс істейді. Жаңа кесте азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған.