Сарыағаш ауданы жылыжай ісінде көш бастап тұр. Онда еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін егіншілікпен айналысады. Солардың бірі жұмыс талғамай, несібесін адал еңбекпен тауып жүрген - Раушан Әсілбекова. Ол құлпынай өсіретін шаруашылықта қызымен бірге жұмыс істеп жүр.