Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне 46 жаңа техника тапсырылды

30
11.03.2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне 46 техника тапсырылды. Сайрам ауданындағы шаруаларға су жаңа техниканы облыс әкімі Нұралхан Көшеров табыстады. Өңір басшысы құрал жабдықтарды жаңарту бағытында жұмыс жандана түсетінін айтып, алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық техникалары паркі 35 пайызға жаңартылатынын жеткізді.  Себебі қазір облыстағы 11 мыңнан астам техниканың 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Әрі қарай облыс әкімі Ақсу елді мекеніндегі мал бордақылау кешенінің жұмыс барысымен танысты