Түркістан
EN

Баспана мен көлік уәде еткен: қаржы пирамидасы 12,4 млрд теңге пайда тапқан

42
11.03.2025

Қаржы мониторингі агенттігі Асар Баспана пирамидасының қызметін тоқтатты. Қылмыстық істі ұйымдастырушылар 86 мыңнан аса азаматтан 12 млрдтан аса қаржы жинаған. Сүйтіп оларға ай сайын 30 пайызға дейін табыс табуды уәде етіпті. Ал, салымшылардың сенімі азая бастаған кезде ұйымдастырушылар автосалон ашып, диллерлермен әріптестік орнаттық деп мәлімдеген. Шын мәнінде көліктердің барлығы салымшылардың қаржысына сатып алынған болатын. Еске салайық, 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар күдіктілердің жақындарына рәсімделген