Түркістан
EN

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

10
11.03.2025

 Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды. Жедел іздестіру барысында күдіктілердің бір топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, сондай ақ, оқ – дәрілер мен заңсыз сақталған қару тәркіленген. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиеті мен діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сондай-ақ сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратып отырған. Қазіргі таңда топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды