Арулар асыл жандар – шуақ боп шашылғандар. Дәл осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мерекелік шарасы өтті. Оған облыс, аудан, қалалық этомәдени бірлестік жанындағы аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері қатысты. Шара басында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев аналар қауымын мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.