«Әлемнің жарығы – ана». Бүгін әйелдердің халықаралық мерекесіне орай Түркістанда ардақты аналарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға облыстың әр қиырынан түрлі салада жетістікке жетіп, еңбегімен дараланған нәзікжандылар, көпбалалы аналар, жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек ететін аяулы жандар қатысты.