Түркістан
EN

Президент Мұса Сайранбайұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

237
07.03.2025

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған адам ұсталды. Жаға ұстатарлық оқиға бүгін сағат 11:45-те ішкі рейстер терминалында болған. Ұшу алдындағы тексеру аймағына жолаушы ретінде келген белгісіз ер адам Авиациялық қауіпсіздік қызметкерінің құжатыңызды көрсетіңіз деген талабын орындаудан бас тартқан. Ізінше қызметкерді шашынан алып қасындағы адамдарға пышақ кезеген. Кепілдегі қызметкерді танысын шығарып салуға келген 52 жастағы Мұса Әбдірайым есімді азамат құтқарып қалды. Ол қыздың орнына өзін кепілдікке алуын айтып, сәтті пайдаланып қолындағы пышағын жұлып алған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.