Түркістан
EN

Президент аруларды көктем мерекесімен құттықтады

196
07.03.2025

Мемлекет басшысы қыз-келіншектерді көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында президент мемлекет әйелдерді қорғап, жан-жақты қолдауға баса мән беретінін жеткізді. Сондай-ақ еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, сан салада мол жетістікке жеткен арулардың ерен еңбегіне тоқталды. Бір топ қыз-келіншекті жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады. Бүгін алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы табысталды