Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Президент Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектер мол еңбек сіңіргенін жеткізіп, әйелдердің лауазымды қызметтерді жауапкершілікпен атқарып жүргенін жеткізді. Сондай-ақ, бүгін «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары алғаш рет табысталды.