Түркістан қаласында кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жолы сауда-саттық "Бекзат" мөлтек ауданында қызуда. Күннің жаңбырлы болғанына қарамастан, қала халқы жәрмеңкеге толассыз келуде. Себебі мұндағы азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-40 пайызға дейін төмен. Айта кетсек, мұндай жәрмеңкелер аптаның жұма, сенбі күндері тұрақты түрде өтіп тұрады.