Жетісай ауданында 100-ден асқан сегіз кейуана бар. Мереке қарсаңында аудан әкімі Серік Мамытов ғасыр куәгерлеріне арнайы барып, құттықтап қайтты. Олар - жаны нәзік болса да еңбекке ерте араласқан тыл ардагерлері. Әрі алтын құрсақты көпбалалы аналар. Соның бірі - Ойнобот Хангушева. 102 жастағы әжей Жетісай қаласының тұрғыны.