Алматыда 20 дан астам көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Салдарынан 10 адам зардап шеккен. Желіде жол-көлік оқиғаларының видеосы тарап кетті. Белгілі болғандай, оқыс оқиға Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылы маңында болған. Екінші жол апаты әл-Фараби мен Сейфулин даңғылдарының қиылысында орын алыпты. Мұнда 10 шақты темір тұлпар қақтығысқан.