8 наурызға орай көп балалы аналарға бір реттік төлем беріледі. Елдегі мұндай аналардың 4/1 бөлігі Түркістан облысында тұрады. Яғни 185 349 әйел төрт және одан да көп баланы тәрбиелеп отыр. Оларға бір реттік көмек беру үшін бюджеттен 110 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Әр анаға төленетін орташа сома – 7 864 теңге. Бұл қаражат аудандық және қалалық бюджеттен бөлінеді. Мамандар аталған көмекті алу үшін ешқайда сандалудың қажеті жоқтығын айтады.