Түркістан
EN

200 отбасыға азық-түлік таратылды

48
06.03.2025

Түркістанда «Қайырымдылық сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны басталды. ҚМДБ бастамашы болған игі шараға түркістандық кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Нақтырақ айтсақ, киелі шаһардағы тұрмысы төмен 200 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. 15 мың теңге көлемінде жинақталған қорапта ұн, қант, күріш, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған.