Ел басына күн туса, ерлермен бір тізе қосып, атқа қонып жерін қорғаған қаншама батыр апаларымыздың болғаны баршамызға белгілі. Батыр қыздардың лайықты ізбасары бола білген арыстан жүректі арулар бүгінде арамызда жүр. Сондай өжет қыздардың бірі Түркістандық Айжан Жылқыбаева. Ол Үндістан астанасы Делиде өткен Қазақ күресінен әлем чемпионы атанған.