Мереке қарсаңында раушан мен қызғалдақпен қатар бөлме гүлдеріне де сұраныс артады. Гүл өсіретін жылыжайларда да жұмыс қыза түседі. Соның бірі Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылындағы Тахир Азимовтың қожалығы. Бүгінде шаруа гүлдің түр түрін өсіріп, өзге қалаларға жеткізіп отыр.