Келестік шаруалар "Ауыл аманаты " бағдарламасының игілігін көріп отыр. Бірі мал бордақылауды қолға алса, бірі сүт өндірісін қолға алған. Мемлекеттен 5 млн теңге көлемінде қаржы алып, үйіргелік жерлерінен табыс тауып отыр. Тіпті төрт-түлікке қажетті жем-шөпті өздері дайындап, аудан халқын экологиялық таза ет, сүт өнімдерімен қамтып отыр.