Түркістан облысында боран салдарынан жоғалып кеткен 5 адам құтқарылды. Олар Егізқара ауылынан Ынтымақ елді мекеніне жолға шыққан. Іздестіру барысында азаматтар із-түссіз кеткен аумақтан 15 шақырым жерде Егізқара ауылынан табылды. Құтқару жұмыстарына 9 қызметкер, 1 техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда адасқандардың халі жақсы.