Биыл елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Ол 1 тамыз бен 20 қазан аралығында жүргізілмек. Санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгінде аймақтарда ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру үшін қажет бөлімдердің құрылымы бекітіліп, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленді.