Түркістанда ай сайын 2 мәрте 7 түрлі азық-түліктен тұратын арнайы себеттер тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде таратылады. Оның ішінде ұн, күріш, картоп, макарон өнімдері және сұйық май бар. Арнайы себеттерді алуға ай сайын белгілі бір мекеме не кәсіпкер қаржы бөліп, бекітілген тізім бойынша қала тұрғындарына қолдау көрсетеді. Бұл жолы облыс прокуратурасы қайырымдылық шараға демеуші болған.