Қазақстан атом электр станциясын салу үшін бірнеше несие алмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика вице – министрі Арман Қасенов айтты. Оның сөзінше, құрылыс кезінде шетелдік жабдықтар қолданылса қаржыландыру механизмі үшін несие қарастырылуы мүмкін. Ең алдымен вендор анықталып, жобаның құрылымы жасалады. Сосын ондағы қолданылатын технологиялар құны нақтыланады. Қазіргі таңда бұл мәселелердің басы ашық күйде қалып отыр. Себебі, әлі нақты шешім қабылданған жоқ.