Түркістан облысында су нысандарын қалпына келтіру үшін Ислам банкінен 135 млрд теңге тартылды. Қазіргі кезде 135,5 миллиард теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұл туралы президенттің қабылдауында болған аймақ басшысы Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріледі.