Алдағы екі ай ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірленсін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. Мемлекет басшысы Кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажеттігін айтып, атқарушы органға 10 күн мерзім белгіледі. Ал Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда утилизациялық алым құны төмендейтінін айтты. Одан бөлек 2024 жылға дейін газ бағасы өзгермейді. Табиғи және тауарлық көгілдір отын бағасы екі жыл бойы сақталады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілмек.