Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығы – аймақтың негізгі өндіріс ошақтарының бірі. Мұнда ер-азаматтармен қатар, әйелдер де еңбек етеді. Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында мұндағы 80-нен астам нәзік жандыларға құрмет көрсетілді. Салтанатты шараны облыстық «AMANAT» партиясы ұйымдастырған.