Түркістан
EN

Қазақстанда жеке куәлікті онлайн ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр

78
04.03.2025

Қазақстандықтар енді жеке куәліктерін онлайн-форматта өзгерте алады.  Ішкі Істер Министрлігімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп "ҚР азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру бойынша пилоттық жоба әзірледі. Ол бойынша электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы қолданылу мерзімі өткен жеке куәлік пен паспортты онлайн айырбастауға болады.