Биыл су тасқынына төтеп беру үшін 10 мыңға жуық әскер жұмылдырылмақ. Өткен жылдардағы оқиғаларды ескерген атқарушы және күштік органдар алдын ала дайындалып жатыр. Олар қорғаныс бөгеттерін, жағалау аймағын нығайтады. Әскери резервтегі жедел құтқару жасақтарының саны 1600 әскери қызметшіге дейін жетеді. Олардың қарамағында 60-тан астам техника бар. Жалпы, Ұлттық Ұлан былтыр төтенше жағдайда жедел іс-әрекет жасаған еді. Биыл да халыққа жәрдемдесуге әзір.