Түркістан
EN

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және қылмыс жасаған азаматтар сотталды

52
04.03.2025

Түркістан облысында терроризмді насихаттап,  экстремистік ұйымның қызметіне қатысқандар сотталды. Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашқан. Сол жерде заңсыз террористік құрылым ретінде танылған бірнеше халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.  Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.