Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тиісті сала өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңғырту талқыланды. Зұлпыхар Сансызбайұлы Заңға сәйкес Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу жолдарын атап өтті. Бұл өз кезегінде туризмді дамытып, қаланың әлеуетін көтеруге жол ашады.