Сүйінші хабар! Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Тиісті Заңға мемлекет басшысы қол қойды. Бұл елімізде мемлекеттік тілде жазылған алғашқы құжат. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Бұл шешім тарихи шаһарды дамытуға қалай көмектеседі? Киелі мекенде енді қандай өзгерістер болады?