Түркістан
EN

Түркістан жұртшылығы Наурыз мерекесін ерекше тойламақ

96
03.03.2025

Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-наурыз күні басталады. Киелі мекенде қазақи нақыштағы киімдер киіліп, Наурыз мейрамын 10 күн бойы тойлау жоспарлануда. Тіпті республикалыық деңгейдегі айтыс өту жоспарда бар. Сондай-ақ әр күннің өз атауы және ерекшелігімен өтеді деп күтілуде.  Бұл туралы Бақ өкілдерімен өткен брифинг барысында- облыстық Мәдениет басқармасының басшысы  Әзімхан Қойлыбаев айтты. Және Аудан, қалаларда, ауылдарда жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету үшін меценаттарды тарта отырып соғыс, еңбек ардагерлеріне, Батыр аналарға құрмет көрсету мақсатында «Аға ұрпақты қастерлейік» акциясы ұйымдастырылады.