"Қазір 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Кеңейтілген үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы елімізде қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар саны көбейіп кеткенін және аталған мәселені шешуге арнайы бағдарламаның әзірленіп жатқанын мәлімдеді.