Жетісай ауданында кіші футболдан татулықты ту еткен турнир өтті. Оған Шардара, Мақтаарал аудандары, Шымкент қаласы мен Өзбекстан Республикасынан келген 16 команда қатысты. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған сайыста Шардара ауданының құрамасы жүлделі 3 орынға табан тіресе, 2 орын «Ынтымақ» командасына бұйырды. Ал, жүлделі 1 орынды «Жетісай – заңғар» құрамасының ойыншылары иеленді. Жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар арнайы кубокпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.