Павлодар облысының алюминий зауытынан кәсіпорын қызметкерлері металл ұрлаған. Салдарынан кәсіпорынға 30 млн теңге сомасында шығын келді. Ал Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің екі тобы ұсталды. Бірі 16 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топ ұрланған заттарды қолдан жасалған құжатпен сыртқа шығарып отырған. Қылмыстық істер сотқа жіберілді.