Астанада сот сараптамалары орталығы басшылары 2 млрд теңгені қалтаға басқан. Тарқатып айтсақ, 2023–2025 жылдары сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінеді. Алайда, 2023–2024 жылдары орталықтың лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтініміне жабдықтардың құнын үш есе арттыра ұсыным енгізген. Қазір қитұрқы әрекетке барғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.