Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындардан 4 келіден астам есірткіні тәркіледі. Осыған қатысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 2 фактіні анықтады. Заң бұзушылықтар Сарыағаш және Сайрам аудандарында болған. Іздестіру барысында жалпы саны 7 полиэтилен орамасын тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.