Түркістан
EN

Облыс тұрғындарын жеке қабылдады

39
03.03.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады. Арыз-талаптары мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты тұлғалармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды
Онда Сайрам, Сауран, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының азаматтары карьер, білім саласындағы заңсыздықтар, мектеп сапасы мәселесін көтерді. Сондай-ақ арасында жұмыстан заңсыз босатылғандар шағымын айтты. Әкім көтерілген мәселелердің жіті зерделеніп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.