Түркістан
EN

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

34
03.03.2025

Ақжолтай ақпарат! Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Тиісті заңға мемлекет басшысы қол қойды. Құжатта еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заңда – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, қаланың сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу қарастырылған. Сондай-ақ тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту, мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу көзделуде. Осы бір тарихи маңызды шешімге орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пікір білдірді.