«АМАНАТ» Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Сарыағаш ауданындағы жылыжайлардың жұмысымен танысты. Кешен 29 гектар аумақты алып жатыр. Шаруашылық бір маусымда 2500 тонна көкөніс пен мың тонна лимон өнідіруге қауқарлы. Мұндағы өнімдер алыс, жақын шетелдерге де экспортталады. Партия мүшелерімен кездесуге келген жергілікті шаруалар жылыжайға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кешендерді көмірмен қамту, табиғи газ тарту және егістік түрлерін реттеу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ретте партия айтылған мәселелерді облыстық мәслихаттың фракция мәжілісінде арнайы қарайтынын жеткізді.