Бүгін Түркістанда өңірдің экономикалық әлеуеті бірқатар инвесторларға таныстырылды. Кәсіпкерлер дайын инфрақұрылымы бар өндірістік паркті аралап, жергілікті билік өкілдерімен кездесті. Жиында Түркістан облысында 1 700 гектар аумақты қамтитын 14 индустриалды аймақтың бар екені айтылып, онда жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланды. Сонымен қатар, дайын инфрақұрылымы бар өндірістік парктер ұсынылды. Қазіргі таңда бұл аймақтарда жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 97 кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда. Ал кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.