Үкімет миллиардтап салық төлемеген олигархтардың ізіне түсті. Олардың қатарында белгілі әрі танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар және әртүрлі компаниялар бар. Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі ірі кәсіпкерлерді екі апта ішінде салықты әділетті түрде төлеуге шақырды. Әйтпесе, мемлекет фискалдық және құқық қорғау органдарын қосқанда, мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды қолдану құқығын өзіне қалдырады, деді Үкімет басшысы. Бүгінде елімізде 2 млн 300 мың салық төлеуші тіркелген. Оның 8%-ы немесе 137 мыңы ғана – Қосылған Құн Салығын төлеушілер.